Кунг-фу отаны саналатын ғибадатхананың басшысы бірнеше әйелден некесіз бала сүйген – БАҚ

Оған сондай қаржыны өз мақсатына жұмсаған деген айып та тағылды

Шілде 28, 2025 - 11:26
Шілде 28, 2025 - 11:34
Кунг-фу отаны саналатын ғибадатхананың басшысы бірнеше әйелден некесіз бала сүйген – БАҚ
Getty Images

Қытайдағы атақты Шаолинь буддистік монастырінің басшысы Ши Юнсиньге қаржы жымқыру және моральға жат әрекеттерге бару бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС таратқан мәліметке сай, Ши Юнсинь ғибадатхананың қаражатын және жоба қаржысын жеке мақсатына пайдаланған, сондай-ақ буддизм талаптарын бұзып, бірнеше әйелмен жақын қатынаста болып, некесіз бала таптырған. Қазір оның үстінен қозғалған істі бірнеше мемлекеттік органның бақылауға алды.

15 шілде күні оның ұсталғаны туралы ақпарат Weibo желісінде ең көп талқыланған тақырыпқа айналды. 24 шілдеден бері Ши Юнсиньнің Weibo парақшасына жаңа посттар салынбаған. Оның желідегі парақшасына 880 мыңға жуық оқырман жазылған.

Ши Юнсинь Шаолинь монастырына 1982 жылы монах ретінде қабылданып, 1999 жылы аббат болып тағайындалған. Ол монастырьді жаһанға танымал етті. Әлем елдерінде кунг-фу қойылымдарын көрсетіп, мектептер желісін ұйымдастырды. Сонымен қатар, монастырьдің атынан ондаған коммерциялық ұйым құрған.

Ши Юнсиньге 2015 жылы қазіргідей айыптар тағылған болатын. Алайда олар дәлелденбей, жабылып қалған.

Шаолинь монастырі - Қытайдың Хэнань провинциясында орналасқан, 1500 жылдық тарихы бар діни орталық. Ол кунг-фу және дзен-буддизмнің отаны ретінде бүкіл әлемге танымал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow