«Күйеуі екеуі адам менсінбейді»: Қарақат Әбілдинамен суретке түскісі келген көрермен көңілі қалғанын айтты

Наурыз 13, 2025 - 22:19
«Күйеуі екеуі адам менсінбейді»: Қарақат Әбілдинамен суретке түскісі келген көрермен көңілі қалғанын айтты
Фото: жеке парақшасынан

Желі қолданушысы Астана қаласында өткен Баян Мақсатқызының «Queen» шоуынан кейін ыңғайсыз жағдайға тап болғанын жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Айтуынша, концерттен кейін бір топ өнер жұлдызымен суретке түскен.

«Бүгін Баян Мақсатқызының шоуында болдым. Қарақатпен суретке түскім келіп еді, сондай өзінше екен. Күйеуі Қыдырәлі де түскісі келмей әзер келісті. Жанына жақындап суретке түскісі келетіндерге көз алартып тұрды. Қарақаттың қатайып қалған адам екенін жиі естіп жүрмін, енді өзімнің де көзім жетті. Оның жанында Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне риза болдым, барлығымен суретке түсіп репост жасап қойыпты. Ал Динара Сәтжан болса, ешкімге жоқ демейді. Ол тұрғысынан жарап тұр. Көп жұлдыздарды көрдім, бірақ бәрімен суретке түсе алмадым», — деп жазды ол.

Желі қолданушысының бұл сөзін қолдағандар табыла кетті.

«Сөзіңмен келісемін. Қарақатпен мен де жолығып қалдым. Өзімшілдігі сондай кішкентай қызыммен қиналып суретке түсті. Адамды менсінбейді, тәкаппар, жақтырмай түсті. Е, айналайын, суретке олай түспей-ақ қойшы, деп бетіне айтқым келіп өзімді әрең ұстадым», — деді Threads пайдаланушысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow