Лувр мұражайындағы ұрлық: шыққан іздер Мәскеуге барып тірелді

Қазан 29, 2025 - 15:49
Қазан 29, 2025 - 16:14
Лувр мұражайындағы ұрлық: шыққан іздер Мәскеуге барып тірелді

Тергеулер Луврдағы ұрлыққа Пьер Малиновский деген біреудің қатысы бар екенін көрсетті. Ең қызығы, Пьер Малиновский Путиннің жақын адам болып шыққан.

«Редакция Германия» апталық басылымының хабарлауынша, Пьер Малиновский Франция шетел легионының бұрынғы офицері, Кремльмен, ФСБ-мен және Ле Пен партиясымен тығыз байланыста болған. Сондай-ақ оның бұрынғы әскерилер мен жалдамалыларды Франция мұражайларына күзетші етіп орналастырғаны, солардың көмегімен сирек әрі құнды артефактілердің ұрланғаны анықталған.

Полициядағы дереккөздердің айтуынша, алдымен ұрылардың бұрынғы күзетшілермен байланысы тексерілген. Тергеу барысында олардың арасында «әскери-тарихи қорлармен ұзақ жұмыс істеген ресейлік азаматтың ұсынысымен» орналасқандар бар екені анықталады. Ресми түрде есімі аталмағанымен, сөз француз және ресейлік оң радикалды орталарымен байланысты тұлға туралы болып отыр», - деп жазады басылым.  

Пьер Малиновский –Францияда орыс ұлтының қаны бар отбасында дүниеге келген. Ол Франция шетел легионын қызмет еткен, кейін Францияның оң радикалды саяси орталарымен, атап айтқанда Жан-Мари Ле Пенмен байланыс орнатады. Яғни Мәскеудің өкілі ретінде қызмет етеді. 
2010 жылдардың басында Малиновский ресейлік-француздық әскери-тарихи және мәдени жобаларда белсенді жұмыс істей бастайды. Ресей-Француз тарихи бастамаларын дамыту қорының президенті болады.

Сондай-ақ басылымы аталмыш қордың вице-президенті – Елизавета Пескова екеніне тоқталған. Ол РФ президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы.

«Бұл да Малиновский байланыстарының саяси маңызын айқындайды. Соңғы жылдары Малиновский Ресейде тұрды, кейін БАӘ-ге көшті. 2025 жылдың басында Мәскеуде I–V ғасырлардағы алтын монеталар коллекциясы тәркіленді. Олар Францияның Сен-Реми мұражайынан ұрланған. Істе Малиновский ұйымдастырушы ретінде көрсетілген. Ол бұрынғы әскерилер мен жалдамалыларды Франция мұражайларына күзетші етіп орналастырып, солар арқылы сирек әрі құнды артефактілерді ұрлатқаны анықталған. Ұрланған заттардың бір бөлігі, әсіресе ең құндылары, Малиновский арқылы Ресей мен БАӘ-ге жеткізілген.

Малиновский – Форт-де-ла-Пампель, Сен-Реми және Муниципалдық тарихи орталық мұражайларынан монеталар мен басқа тарихи құндылықтарды ұрлауды ұйымдастырушы негізгі күдікті», – деп жазады әріптестер.

Тергеу нұсқасы бойынша, дәл Малиновскийдің ортасы Луврдағы «ғасыр ұрлығымен» байланысты болуы мүмкін. Француз полициясы оның раритеттерді ұрлауды ұйымдастырушы және ұрланған заттарды сату желісін құрушы ретіндегі рөлін тексеріп жатыр», - делінген басылым мәліметінде.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow