Мадагаскар әскері билікті өз қолына алғандарын мәлімдеді

Қазан 15, 2025 - 09:50
Қазан 15, 2025 - 10:14
Мадагаскар әскері билікті өз қолына алғандарын мәлімдеді
Фото: РБК

Мадагаскарда болған жаппай наразылықтар мен президенттің елден қашуына байланысты әскерилер ел билігінің әскери кеңеске өткенін мәлімдеді.

Бұл жайында dw.com хабарлады. Сондай-ақ ел Конституциясының күші жойылды. 

Мадагаскарда әскерилер елдегі мемлекеттік биліктің армияның және ұлттық полиция өкілдерінен құралған әскери кеңестің бақылауына өткенін мәлімдеді. Бұл оқиға Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина шетелге қашып кеткені белгілі болғаннан кейін бір тәулік өткен соң болып отыр. 

«Біз билікті өз қолымызға алдық», — деді полковник Майкл Рандрианирина сейсенбі күні ұлттық радио арқылы сөйлеген сөзінде.

Елде Конституцияның күші тоқтатылып, Мадагаскардың ұлттық ассамблеясынан (төменгі палата) басқа барлық мемлекеттік институттар таратылды.

Әскерилер билікті өз қолына алғанын жарияламай тұрып бірнеше минут бұрын парламент депутаттары Радзуэлинаны президенттік қызметтен шеттетуге дауыс берді.

Әскери кеңес құрамына Андри Радзуэлина 2009 жылғы әскери төңкеріс арқылы билікке келген кезде оған қолдау көрсеткен элиталық CAPSAT бөлімшесінің әскери қызметкерлері де енгізілді. Бұған дейін, 12 қазанда Радзуэлинаның жаппай наразылықтар аясында француз әскери ұшағымен елден кеткені белгілі болған.

RFI радиостанциясының хабарлауынша, бұл шешім Франция президенті Эммануэль Макронмен келісілген. Мадагаскар парламентіндегі оппозиция жетекшісі Ситена Рандрианасолониаико президенттің шетелге кеткенін растады.

«Біз президент әкімшілігіне хабарластық, олар оның елден кеткенін растады», — деді ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы ел әскерінің наразылық білдірушілер жағына өткенін байқағаннан кейін, шетелге кетуге шешім қабылдаған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow