Маңғыстауда аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды
Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған жалғыз сарбаздың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
2007 жылы туған әскери қызметкер Ақжол Теміралиев қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген.
Блогер Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желідегі мәліметінше, сарбаздың жағдайы тұрақты. Ол өздігінен жүріп-тұрады, тамақтанады және сөйлесе алады.
Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын толық жүргізген. Енді Ақжол Теміралиевті оңалту және қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Теңізге ағып кеткен 17 әскери қызметкердің 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұру күні болып жарияланды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0