Маңғыстауда ысталған балықтан уланғандардың жағдайы қиын

Қыркүйек 23, 2026 - 17:25
chat_bubble  0 visibility  5
Маңғыстауда ысталған балықтан уланғандардың жағдайы қиын
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысында үй жағдайында дайындалған ысталған балықты жеп, ботулизм белгілерімен ауруханаға түскен төрт адамның жағдайы асқынып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Осыған байланысты аймақ басшысының тапсырмасымен науқастарға көмек көрсету үшін Астанадан білікті инфекционист пен реаниматолог мамандар шақыртылды. 

Lada.kz агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда науқастардың жағдайын облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың жеке бақылауында. 

Қауіпті жұқпалы дертке шалдыққандардың арасында үш ересек адам мен 2016 жылы туған бала бар. Қазіргі таңда ересектер облыстық ауруханаға жатқызылса, кішкентай науқас балалар ауруханасында ем қабылдауда. Жергілікті дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр, сондай-ақ астаналық әріптестерімен үнемі онлайн кеңес өткізіп отыр. 

Еске сала кетейік, төрт адамның ауыр хәлмен ауруханаға түсуіне ұзақ уақыт бойы тоңазытқышта сақталған үй жағдайында ысталған балықты тұтыну себеп болған. Мамандар қауіпті аурудың алғашқы белгілері байқалған бойда дереу дәрігерге қаралу қажет екенін ескертеді.
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0