«Маникюр, педикюрді жиі жасатады»: Қазір ерлер сыртқы келбеті үшін ақша аямайтын болған

Наурыз 4, 2025 - 16:43
«Маникюр, педикюрді жиі жасатады»: Қазір ерлер сыртқы келбеті үшін ақша аямайтын болған
Фото: ашық дереккөз

Түркияда шаштараз және жеке күтім қызметтеріне деген сұраныс әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жоғары. Бұл туралы Измирдегі шаштараздар қауымдастығының президенті Шюкрю Билгин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Türkiye Gazetesi басылымының жазуынша, ер адамдар өткен жылдарға қарағанда жеке күтім қызметтерін жиі қолдана бастаған.

Шюкрю Билгин қазір ерлер әйелдерге қарағанда шаштаразға жиі баратынын айтты. Сондай-ақ олар маникюр, педикюр, тері күтімі, тіпті қас түзету, кірпік күтімі сияқты қызметтерді алатын көрінеді. Сөзінше, кей жағдайларда ер адамдар сұлулық процедураларына әйелдерге қарағанда көп ақша жұмсайды.

"Қазір ер адамдар сұлулық салондарына әйелдерден де жиі барады. Соңғы жылдары әйелдерге арналған сұлулық қызметтері көбейді, олар бұрынғы әдеттеріне өзгеріс енгізген жоқ. Ал ер адамдар өздерінің сыртқы келбетіне көбірек көңіл бөле бастады", - деді Измирдегі шаштараздар қауымдастығының президенті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow