«Мүрдені қазып алып, алтын тістерін ұрлаған»: Өлген адамдардың қабірін қазушы ұсталды

Әзербайжан елінің Баку қаласында қабір қазып тонаған деген күдікпен тұрғын ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Насими аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 39 жастағы Эльвин Аббасовты қолға түсірген.
Эльвин Аббасов Баку зираттарының бірінде жұмыс істеген және қабірлерді қазып, марқұмдардың аузындағы алтын тістерін ұрлады деген күдікке ілінген. Кейін ұрланған алтындарды дүкендердің біріне сатып отырған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






