Бүгінгі “Сазды сәлем” бағдарламасынан Ардақ Назаровтан бұрын Мәжіліс қатты ұтылды. Бір палаталы парламент құрып, мықты мемлекет боламыз деп айтып ауыз жиғанша, заң
шығарушы органның мәртебесін бір ғана тілекпен төмендетіп тастады.
Төменгі палата емес тойхана деп кекетіп жатқандар көп. Тіпті ақшасын төлесек, пленаркадан туған-туысымызды құттықтап бере ме екен деп түйреп жатқандарды көрдім. Бүгінгі жағдай Мәжілісті мазаққа айналдырды. Бір жарым жыл ғана жұмысымыз қалды деп жабырқап отырған сенаторлар қарқылдап күліп жатқан шығар?!
Таратқыш болсаңдар күлкіге қалған мәжілісті таратыңдар, көпті көрген шал-шауқанды емес дымды білмейтін бала-шағаны қуыңдар деп мысқылдап жатқан шығар?
Бүгінгі жағдайдан Мәжілістің баспасөз қызметі де таяқ деп жатқан болар?! Ардақ Назаровтың депутаттық сауалын телеграммдағы ресми парақшаларына саларда анасына деген аяулы тілегін кесіп тастау керек еді. Сонда бұл масқарны 98 депутаттан басқа ешкім білмей қалар ма еді?!
Ардақ бүгінгі әрекетімен 97 әріптесін қораға тығып кетті. Енді әр сауалды мәжіліс сүзгіден өткізіп, бюрократияны көбейтуі мүмкін. Қысқасы, Ардақтың анасы ғана ұтты, қалғандарының бәрі ұтылды. Бұл әрекет билікті онша жақтырмайтындар үшін бір қыстық азық болары анық. Әрдайым беттеріңе басып отырады енді.
Журналист Диас Нұрақынның facebook парақшасынан