«Мемлекеттік телеарна мұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді»: Министр «Бірақ...» бағдарламасының жабылатынын айтты
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін әлеуметтік желіде «Хабар» арнасынан эфирге шыққан «Бірақ...» ток-шоуы айналасындағы дауға қатысты пікір білдірді, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау министрліктің басты міндеттерінің бірі.
Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты.Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді.
Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады», - деді министр.
Сіздің реакцияңыз қандай?