«Мені жерге қаратты»: Трамп Путинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Қыркүйек 19, 2025 - 10:46
Қыркүйек 19, 2025 - 11:28
«Мені жерге қаратты»: Трамп Путинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина бойынша бейбіт келісіссөздердің тоқтап қалуына байланысты ресейлік әріптесі Владимир Путиннен көңілі қалғанын жеткізді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Ұлыбританияда өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп бастапқыда қақтығыс оңай шешіледі деп ойлағанын жеткізді.

"Адамдар қаза тауып жатыр. Мен бұл соғысты тоқтатуға тиіспін деп санаймын. Біз жеті соғысты реттей алдық. Бұрын олар шешілмейтіндей көрінген. Бірақ мен Путинмен қарым-қатынас ең оңай болады деп есептеген едім. Ол менің көңілімді қалдырды", – деді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы нақты қандай соғыстар екенін ашып айтпады. Оның айтуынша, Вашингтонның Украина мен Ресей соғысын шешуге бағытталған бастамалары аяқсыз қалған. Десек те, Дональд Трамп Путинмен Аляскада өткен кездесуін қателік деп санамайтынын баса айтты. 

Вашингтонның алдағы уақытта Мәскеуге қатысты қандай шаралар қолданатыны туралы сұрақ та жауапсыз қалды. АҚШ президенті Батыс елдерін Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға шақырды. Осылайша оның Путинді келіссөздер жасауға итермелегісі келетіні белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow