Министрлік елімізде мұнай өндіруге қатысты мәлімдеме жасады

Қыркүйек 4, 2025 - 09:57
Министрлік елімізде мұнай өндіруге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Pixabay

Қазақстан Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі өсті деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өндіріс көлемі керісінше азайған. Жарнама Энергетика министрлігінің мәліметінше, тамыз айында Қазақстанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құраған.

Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.

"Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады", – делінген сәрсенбі күні жарияланған министрлік мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow