Непал Үкіметіне уақытша басшы келді

Қыркүйек 11, 2025 - 17:26
Непал Үкіметіне уақытша басшы келді
Фото: Ведомости

Непалдағы Gen-Z қозғалысының наразылығынан соң Жоғарғы сотының бұрынғы төрағасы Сушила Карки уақытша үкімет басшысы лауазымына ұсынылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ол енді жаңа сайлауға дейін өтпелі кезеңде елді басқаратын болады. Оның кандидатурасы Gen-Z қозғалысының виртуалды жиналысында мақұлданып отыр. 

Жаңа басшы наразылық шерулері кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсету басымдық бермек. Карки Непалдағы жағдайдың өте күрделі екенін мойындайды, бірақ оған өзгеріс жасайтынына сендірді. 

– Біз елдің дамуы үшін бірге жұмыс істейміз және Непалға жаңа бастама беруге тырысамыз, – деді ол. 

Сушила Карки көрші ел Үндістанмен ұзақ мерзімді байланыстың маңыздылығына тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың беріктігін атап өткен.

Еске салайық, бұған дейін Gen-Z жастар қозғалысының өкілдері мен Непал армиясы арасындағы келіссөздің бірінші раундында тараптар саяси мәселелерді талқылаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow