Непалда наразылық білдірушілер үкімет ғимараттарын өртеп жіберді

Қыркүйек 9, 2025 - 23:13
Қыркүйек 10, 2025 - 05:24
Непалда наразылық білдірушілер үкімет ғимараттарын өртеп жіберді
Фото: NDTV

Шеруге шыққан жүздеген адам Катмандудағы Непал парламентінің ғимаратына басып кірді, ғимараттың бір қапталынан түтін шығып жатыр, деп хабарлайды BBC.

Ғимарат маңын айнала мотоциклдер жүр, кейбіреулері бақшадан қазылған өсімдіктерді алып кетіп жатыр. Ғимараттың кіреберісінде наразылық білдірушілер оттың айналасында билеп, ұрандатып, көпшілігі Непал туын ұстап тұр. Кейбір адамдар терезелері сынған ғимараттың ішіне кіріп кеткен.

Ғимараттың сыртқы қабырғаларында граффити және үкіметке қарсы жазулар жазылған. Бұған дейін шеруге шыққандар ел президентінің резиденциясына басып кіріп, өртеп жіберген.

Әл-Жазираның хабарлауынша, танымал саясаткерлердің үйлері де өртенген. Наразылық білдірушілер Катмандудағы ең ірі Kantipur Publications медиа баспасы орналасқан ғимаратты да өртеп жіберді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow