Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды

Мамыр 30, 2025 - 11:45
Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды
Фото: aljazeera.com

Қарулы қақтығыс Пәкістан әскери күштері және Ауғанстанның Гильменд провинциясындағы "Талибан" қозғалысының өкілдері арасында туындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Al Arabiya телеарнасы қақтығыстың Пәкістандағы құрылыста бастау алғанын алға тартты.  Қақтығыс туралы өзге көп мәлімет жарияланбай отыр. 

Еске салайық, Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекаралық қақтығыстар 2025 жылдың наурыз айында Торхам шекара өткелінде болған еді. Аталған келіспеушілік қарулы қақтығысқа ұласып, бірнеше адам жарақат алды, тіпті қаза тапқандарда бар. Бұл жағдай сол сәте-ақ әлемдік БАҚ назарын аударған-ды. 

Десе де, соңғы күндері бұл жағдай тынышталған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow