Польшаның әуе күштері ресейлік барлау ұшағын қолға түсірді
Бір апта ішінде осымен екінші рет осындай жағдай болып отыр.
 
                                    Польшаның МиГ-29 жойғыш ұшақтары Балтық теңізі төбесі арқылы ұшқан ресейлік Ил-20 барлау ұшағын ұстады. Бір апта ішінде осымен екінші рет осындай жағдай болып отыр.
"Поляк радионың" хабарлауынша, оқиға сәрсенбіге қараған түні Ресей әскерінің Украинаға жаппай соққысы кезінде болған. Польшада түні бойы әуе қорғаныс жүйесі іске қосылып, әуеге Польша қарулы күштері мен НАТО-ның жойғыш ұшақтары көтерілген.
Ұлттық қорғаныс министрі Владыслав Косиняк-Камыштың айтуынша, ресейлік ұшақ Польшаның әуе кеңістігіне кірмеген. Осындай ұшақты поляк әскері сейсенбі күні де ұстаған. Ол Балтық теңізінің халықаралық суында кестесіз транспондері өшірілген күйі ұшқан.
Азаттық радиосы
Сіздің реакцияңыз қандай?
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                            