Президент Джо Байден өз қызметін қорытындылады
Джо Байден президенттік қызметін аяқтай отырып, өз әкімшілігінің маңызды жетістіктерін атап өтті, - деп жазады sadaq.kz.
Tiek телеграм каналының мәліметінше, ол Газа секторында келісім жасасуды, НАТО-ны нығайту мен Украина тәуелсіздігін қолдауды өз әкімшілігінің үлкен жетістіктері ретінде қарастырды. Президент АҚШ-тың Қытайды бәсекелестік күресінде жеңіп шыққанын да атап өтті.
Байден сондай-ақ билік пен байлықтың бірнеше өте бақуатты адамдардың қолында шоғырлануына алаңдаушылық білдірді. Бұл олигархия демократия, құқықтар мен еркіндіктерге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Ол сөзінде билікті теріс пайдалану бақылаусыз қалса, оның салдарлары туралы ескертті.
Өз сөзін аяқтай келе, Байден Дональд Трамптың болашақ әкімшілігіне сәттілік тіледі.
Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан Вашингтондағы елшіміз Ержан Ашықбаев қатысады Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті ретіндегі екінші инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?