Путин Қазақстанға келуді жоспарлап отыр

Ақпан 11, 2026 - 12:37
 0  18
Путин Қазақстанға келуді жоспарлап отыр
Фото: Kremlin Pool/via Global Look Press/ Global Look Press

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары 2026 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алексей Бородавкин 2025 жылғы қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған сапары «екі ел арасындағы ерекше достық қарым-қатынас аясында» өткенін еске салды. Оның сөзінше, Кремльдегі мемлекет басшыларының кездесуі бейресми форматта ұйымдастырылған.

"Үш сағат бойы жеке-дара, Кремльдегі президентіміздің пәтерінде жабық жағдайда әңгімелесті. Сапардың жалпы атмосферасы айрықша жылы әрі достық сипатта өтті", – деді Алексей Бородавкин.

Сондай-ақ елші биыл Ресей президенті жауап ретінде Қазақстанға сапар жасауы мүмкін екенін айтты.

"Биыл президентіміздің сапары жоспарланып отыр. Нақты күндері әлі белгіленген жоқ, бірақ мұндай сапар болады. Басшыларымыздың алдында есеп беретін мәселелер жеткілікті деп ойлаймын", – деді ол.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0