Рамзан Қадыровтың үлкен ұлына «Шешенстан Батыры» атағы берілді

Тамыз 8, 2026 - 11:50
 0  30
Рамзан Қадыровтың үлкен ұлына «Шешенстан Батыры» атағы берілді
фото: әлеуметтік желіден

Шешенстан басшысының үлкен ұлы, республика үкіметі төрағасының орынбасары әрі дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Қадыровқа Шешенстан Батыры атағы берілді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Тиісті өкімге 7 тамызда Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.

"Менің қымбатты інім, Шешенстан Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары – Шешенстан Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Рамзанұлы Қадыровты жоғары атақ алуымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Даудов өзінің Telegram-дағы арнасында.

Ол бұл атақтың берілуін Қадыровтың Шешенстан Республикасы мен оның халқы алдындағы зор еңбегін, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесін лайықты бағалау екенін атап өтті.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0