Шавкат Рахмоновтың әйеліне сот үкімі шықты
Сот Г.Рахмоноваға қатысты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы туралы істі қарады, деп хабарлайды Жамбыл облысының ҚІжМАС баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Р.-ға қатысты абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 345-бабының 4-бөлігі).
Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Прокурор 7 жылға дейін автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды, жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады.
Ал жәбірленуші тараптар (сотталушының қайтыс болған досының әкесі және әпкесінің жұбайы) сотталушыны кешірді, талап қою арыз бермеді, соттан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сондай-ақ, сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот әйелдің 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар екенін ескерді, оның жазасын ауырлататын басқа мән-жайлар анықталмады.
— Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0