Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

Наурыз 7, 2025 - 16:44
Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды
Шымкентте 5 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today.
Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған. Мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.
 
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, марқұм қаладағы №9 IT лицейінде білім алған. Оқиғаны полиция растады, қазір қылмыстық іс қозғалған.
 
«Кәмелет жасқа толмаған баланың өлімі жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деп мәлімдеді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow