Сиднейдегі атыс құрбандарының саны 16 адамға жетті
Сиднейдегі Бонди-Бич жағажайындағы атыстан көз жұмғандардың саны 16 адамға жетті, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Олардың біреуі атысты бастады деген күдікті.
Куәгерлердің сөзінше, әйгілі жағажайдағы атыс он минутқа созылған. Сол сәтте мыңдаған адам демалып жатқан. Құзырлы органдар бұл оқиғаға теракт деп баға берді. Олардың адамдарға оқ ату себебі әзірге айтылмады.
ВВС дерегі бойынша, адамдарға оқ атқандар әкесі мен баласы. 50 жастағы әкесі оқиға орнында оққа ұшқан, ал 24 жастағы ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Атыс басталғанда жағажайды еврейлердің Ханука мерекесі болып жатқан еді. Оған жергілікті еврейлер қауымдастығының өкілдері қатысқан.
Желіде белгісіз адамның шабуылдаушылардың бірінің қаруын тартып алғаны туралы да видео жарияланды, бірақ оның түпнұсқалығы әзірге растала қойған жоқ. Кейбір дерек көздері қаруын тартып алған адамның мигрант екенін жазып жатыр. Аты-жөні - Ахмед әл-Ахмед делінеді. Оның сол жерде азық-түлік дүкені болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0