Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад өлім жазасына кесілді

Тамыз 11, 2026 - 14:56
chat_bubble  0 visibility  10
Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад өлім жазасына кесілді
Фото: kremlin.ru

Сирия соты елдің бұрынғы президенті Башар Асадты адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өлім жазасын тағайындады. Үкім сырттай шығарылған, деп хабарлайды sadaq.kz Syrian Arab News Agency-ге сілтеме жасап.

Сот шешімін Дамаск қылмыстық соты қабылдаған. Тергеу материалдарына сәйкес, Башар Асад бірнеше адамның, оның ішінде балалардың қасақана өліміне және азаптау фактілеріне қатысты кінәлі деп танылған.

Сот отырысы Асадтың қатысуынсыз өткен. Бұған оның биліктен кеткеннен кейін Сирия аумағынан тыс жерге кетуі себеп болған.

Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Сирия соты Башар Асадты тұтқындауға сырттай ордер шығарған еді. Оған 2011 жылы Дараа провинциясында болған оқиғаларға байланысты қасақана кісі өлтіру, адам өліміне әкелген азаптау және заңсыз қамауда ұстау сияқты айыптар тағылған.

Дараада басталған қақтығыстар кейін Сириядағы азаматтық соғысқа ұласып, елде зорлық-зомбылықтың кең көлемде таралуына себеп болды.

Бұған дейін Дамаск маңынан жаппай жерленген адамдардың мәйіттері табылғаны хабарланған. Сирия билігінің мәліметінше, аталған жерден азаматтық соғыс кезінде Асад әскері өлтірген кемінде 175 адамның сүйегі анықталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0