Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жіберуі мүмкін

Маусым 26, 2025 - 16:38
Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жіберуі мүмкін
Фото: ғаламтордан

Солтүстік Корея шілде мен тамыз айларында Украинадағы соғысқа қатысу үшін Ресейге қосымша әскер жіберуі мүмкін. Бұл жөнінде Оңтүстік Корея парламенті өкілдерінің сөзіне сүйенген Reuters жазды. 

Оңтүстік Корея барлау қызметінің деректеріне сүйенген парламент өкілдерінің бірі Ли Сон Гвон Reuters-ке Ресей Украинада ірі шабуыл жасауға дайындалып отырғанын айтқан.

Олар сонымен бірге Солтүстік Кореядағы әскер қатарына шақыру басталғанын және Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың Солтүстік Кореяға жуырдағы сапарын да атап өтеді.

Тараптар өзге жайттармен қатар Украинадағы ахуал мен былтыр маусымда қол қойылған жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімнің жекелеген пунктерін талқылаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow