Талғарда әкесіне дұға оқуға барған жас жігітті ауылдастары пышақтап өлтірді

Мамыр 12, 2026 - 17:20
chat_bubble  0 visibility  3
Талғарда әкесіне  дұға оқуға барған жас жігітті ауылдастары пышақтап өлтірді
Фото: pixabay.com

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Нұра ауылында адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Түн ортасында інісімен бірге әкесінің зиратына дұға оқуға барған 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, зиратқа бара жатқан жолда олардың көлігіне ішінде үш жас жігіт отырған автомобиль кедергі келтірген. 

Жолды босатуды сұраған кезде жанжал туындап, қарсы тараптың бірі 24 жастағы жігітке бірден пышақпен тап берген. Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, үш күдікті ізін суытпай ұсталды. Олардың барлығы марқұмның ауылдастары екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Желіде тараған ақпарат бойынша, марқұмның артында екі кішкентай қызы қалды. Қыздарының бірі жуырда ғана бір жасқа толған.
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0