Тәжікстанда хиджап киюге тыйым салынды
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон хиджап киюге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұдан былай ел билігі Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заң негізінде хиджаб киген әйелдерді көшеде тоқтатып, онысын шешуді талап ете алады.
Заңға сәйкес, тәжікстандықтарға ел мәдениетіне жат киім киюге тыйым салынған. Ел мәдениетіне жат киім ретінде хиджаб пен сатр аталған. Заң талаптарын сақтамағандар айыппұл төлейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?