«Тексеру керек»: Тоқаев министр Мәдиевтің жауабына күмән келтірді

Ақпан 10, 2026 - 11:24
Ақпан 10, 2026 - 11:30
 0  47
«Тексеру керек»: Тоқаев министр Мәдиевтің жауабына күмән келтірді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев баяндама жасап болған соң оған бірқатар сұрақ қойды. Соның бірі қазақстандықтар үшін негізгі тілдерді қамтитын KazLLM моделіне қатысты болды, деп жазады sadaq.kz.

Тоқаев:

Сіз бұл мәселе жөнінде мәлімдеме жасадыңыз, оны іске қостық деп айттыңыз. Бірақ менің білуімше, ол бағдарламаға сұраныс әлі төмен, себебі ақаулары көп. Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді. KazLLM-ге көшкісі келмейді. Не айтасыз?

Министр:

Қазіргі таңда бізде екі үлкен тілдік модельдер бар. Олар қазіргі таңда 40-тан астам жүйелерге енгізілді. Бүгінде осы модельдер нарыққа, IT компанияларға, стартаптарға, студенттерге, зерттеу институттарына қолжетімді. Бірақ осы модельдердің сапасын әрқашан ұлғайту қажет.

Тоқаев:

Олқылықтар бар ма, жоқ па? Сіз мойындайсыз ба?

Министр:

Эти модели постоянно необходимо обновлять.

Тоқаев:
Қазіргі таңда қанша адам KazLLM-ді пайдаланып отыр?

Министр:

Біздің мәліметіміз бойынша 600 мыңнан астам.

Министр ChatGPT-ге қатысты сұраққа жауап бере алмады. Тоқаев сөз соңында “жауабыңызды тексеру керек” деп қысқа қайырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0