Телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді: сот үкімі шықты

Тергеу мәліметінше, автобус тізгінінде отырған жүргізуші ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен.

Қазан 16, 2026 - 17:36
 0  1
Телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі әйелді қағып өлтірді: сот үкімі шықты
Фото: pixabay.com

Астанада телефонға алаңдап, адам өліміне себеп болған автобус жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Тергеу мәліметінше, автобус тізгінінде отырған жүргізуші ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған әйел ауруханада көз жұмды.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің кінәсін толық дәлелдеді. Нәтижесінде сот оны 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырып, бес жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Осыған байланысты елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға болмайтынын еске салды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0