«Тірі қалғандар жоқ»: Ресейде 49 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Шілде 24, 2025 - 14:33
«Тірі қалғандар жоқ»: Ресейде 49 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
фото: видеодан скриншот

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ұшақ бортында 49 адам болған. Оның 5 бала және 6 экипаж мүшесі болған. 

Ұшақ Амур облысының көгінде ұшып бара жатқанда байланысқа шықпай қалған. 

"Қазіргі кезде ұшақ апатының себебі анықталуда. Техникалық ақау немесе адам факторы болуы мүмкін. Ытимал себептерінің екі нұсқасы қарастырылуда", - деп хабарлады ТАСС Ресей Федерациясының көлік басқармасының берген мәліметіне сүйеніп.

Благовещенск–Тында бағыты бойынша ұшып бара жатып жоғалып кеткен Ан-24 жолаушы ұшағының қалдықтары Тында қаласынан 15 шақырым жердегі Кувыкта елді мекені маңынан табылған.

Telegram-арнаның хабарлауынша, ұшақтың фюзеляжы қираған және жанып жатыр. Әзірше тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow