Тоқаев БҰҰ Жарғысын қайта қарауды ұсынды

Қыркүйек 24, 2025 - 15:47
Тоқаев БҰҰ Жарғысын қайта қарауды ұсынды

Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы жалпы пікірталаста сөйлеген жариялады. 

Мемлекет басшысы өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының рөліне тоқталған. 

«Сегіз онжылдық бойы Біріккен Ұлттар Ұйымы адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде шешуші рөл атқарып келеді. Осы жылдар ішінде БҰҰ ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға, бейбітшілікті қолдауға, прогреске қол жеткізуге, кедейлікті азайтуға, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауға бағытталған ортақ күш-жігерімізге жетекшілік етті. Бірақ шындықты мойындауымыз керек: бізді қоршаған әлем түбегейлі өзгерді, өкінішке қарай, ол жақсы жағына емес. Дәл осы себепті Біріккен Ұлттар Ұйымы бүгінде де бүкіл планетадағы миллиондаған адам үшін үміттің символы болып отыр. Бұл тарихи кездесу – әмбебап әрі шынымен де алмастырылмайтын ұйымымыздың негізгі қағидаттары мен мақсаттарына адалдығымызды тағы да растауға арналған бірегей мүмкіндік», – деді Президент.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow