Тоқаев жаңа үш заңға қол қойды

Шілде 15, 2025 - 17:30
Тоқаев жаңа үш заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Бірінші заң - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң.

Экономика министрлігі нақтылағандай, бұл құжат жаңа Салық кодексі емес, 2017 жылдан бері қолданыстағы кодекске енгізілген өзгерістер. Бұл түзетулер келесі мақсаттарды көздейді:

жекелеген нормаларды өзектендіру,

қайталанатын немесе ескірген ережелерді алып тастау,

нақты бағытталған салықтық шараларды енгізу. 

Бұдан бөлек, президент "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды.

Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді.

Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару).

Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты. Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да түзетулерді қамтыды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow