Тоқаев Жапония парламентінің өкілін «Достық» орденімен марапаттады

Сәуір 30, 2026 - 13:56
 0  11
Тоқаев Жапония парламентінің өкілін «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасы, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Жапония еліміздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесі екенін айтты.

"Мен былтыр Жапонияға ресми сапармен бардым. Оның қорытындысы қазақ-жапон байланыстарын жаңа деңгейге көтерді. Сапар аясында құрметті Санаэ Такаичи ханыммен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытын қамтитын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сапар кезінде сауда, ғылым және білім, цифрландыру, экология, ауыл шаруашылығы саласына қатысты 17 ведомствоаралық маңызды құжат бекітілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аталған саммит келесі жылы Астанада өтетінін еске салып, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

 Сонымен қатар Президент пен Достық лигасының төрағасы мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0