«Төмен баға қойғаны үшін»: оқушы мұғалімді пышақтап кетті
Оқиға Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданында болған деп жазады Sadaq.kz.
Өңірлік ІІМ бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиғаға нашар баға қойылуы себеп болған.
«Мектептердің біріне кәмелетке толмаған оқушы пышақ ала келіп, 29 жастағы мұғалімді жаралады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға нашар баға қойылуы себеп болған», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен мұғалім ауруханаға жатқызылған.
Ал Тергеу комитеті адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданының прокуратурасы тексеру жүргізуді ұйымдастырды.
Красногвардейский ауданының басшысы Андрей Хорт әлеуметтік желідегі парақшасында мұғаліммен бірге шабуыл жасаған оқушының да ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.
«Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп атап өтті Хорт.
Оның айтуынша, басқа зардап шеккендер жоқ, мектептегі оқу процесі жалғасып жатыр. Балалар және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу үшін педагог-психологтар тартылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0