Трамп арнайы өкіліне Украинадағы соғысты 100 күнде аяқтауды тапсырды
Трамп Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогқа соғысты 100 күн ішінде аяқтау міндетін тапсырды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.
Басылымның бағалауынша, Путинмен келісімге келу Трамптың сайлауалды кампаниясы кезінде ойлағанынан әлдеқайда күрделі міндет болады. Ол сол кезде президенттік қызметке кіріспей тұрып-ақ қақтығысты тоқтататынын мәлімдеген еді.
Дереккөздердің айтуынша, Келлогқа осындай міндет жүктелгенімен, Украина бойынша келіссөз процесін Трамптың өзі бақылауды қалайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?