Трамп Джон Кеннедидің өліміне қатысты құжаттарды жариялауға уәде берді
Трамп мұндай мәлімдемені 2017 жылы да жасағаны белгілі.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Джон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялайтынын мәлімдеді.
Трамп сондай-ақ, Кеннедимен бірге оның ағасы Роберт Кеннеди және Мартин Лютер Кингтің өлтірілуіне қатысты барлық құжаттардың ашыққа шығатынын хабарлады.
«Сонымен қатар қоғамда үлкен қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерге қатысты құжаттарды жариялаймыз. Барлығы жарияланады», - деді Трамп.
Трамп мұндай мәлімдемені 2017 жылы да жасағаны белгілі.
Президент Дональд Трамп елдің 35-ші президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты 2800 құжатты жариялауға әрі бұл құпия құжаттарды мүмкіндігінше өзгеріс енгізбеуге бұйрық берген.
Кейін Ақ үйдің баспасөз қызметі жария болатын деректерге 1970-1990 жылдары жүргізілген тергеу жұмыстары туралы ақпараттар да кіретінін хабарлады.
Құжаттар 2018 жылы сәуірдің 26-на дейін жарық көруі тиіс болған. Алайда құжат сол күйі жарияланбай қалды.
Джон Кеннеди 1963 жылы қарашаның 22-де Далласта оқ тиіп мерт болды. Ресми деректер бойынша, оны Ли Харви Освальд снайперлік винтовкамен алыс қашықтықтан атып өлтірген.
Сіздің реакцияңыз қандай?