Трамп Путинмен тарихи кездесу күнін жариялады

Тамыз 9, 2025 - 10:42
 0  36
Трамп Путинмен тарихи кездесу күнін жариялады
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі 2025 жылдың 15 тамызында Аляска штатында өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көптен күткен менің Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуім келесі жұмада, 15 тамызда, Аляскада өтеді, – деп жазды америкалық көшбасшы. 

Трамп алдағы келіссөздерге қатысты толық мәлімет кейінірек жарияланатынын атап өтті. Осы күннің басында ол Путинмен кездесудің күні мен орны жақын арада белгілі болатынын мәлімдеп, бұл «ерекше орын» болатынын айтқан еді.

Еске сала кетейік, 7 тамызда Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу үшін белгіленген мерзімнің Ресейдің әрекеттеріне байланысты екенін жеткізіп, Путин мен Зеленскийдің кездесуінсіз АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер мүмкіндігін атап өтті. Нәтижесінде екі ел басшылары кездесуге уағдаласқан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0