Түркиядағы шипажайда қаза тапқандар саны 76-ға жетті

Қаңтар 22, 2025 - 09:12
 0  59
Түркиядағы шипажайда қаза тапқандар саны 76-ға жетті
фото: видеодан скриншот

Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғы шипажайындағы өрт құрбандарының саны 76 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ІІМ басшысы Әли Ерликая оқиға орнында өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, қайғылы жағдайға байланысты 9 адам қолға түскен.

Елдің денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоглу 51 адамның зардап шеккенін, соның ішінде 1 адам жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

«17 адам ауруханадан шығарылды, қалғандары ауруханада қалып, емделуде. Олардың жағдайы тұрақты. Бір зардап шегушінің жағдайы ауыр», - деді ол.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0