Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалмақ

Қаңтар 5, 2025 - 21:25
Қаңтар 5, 2025 - 21:29
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалмақ

Күні ертең Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалмақ, деп жазады Sadaq.kz ақпарат порталы.

Мәслихаттың мәліметінше, жиналыс дүйсенбі, 6 қаңтар, сағат 10:30-да Түркістанда өтеді.

Депутаттардың қарауына Түркістан облысының әкімін тағайындау туралы мәселе енгізіледі.

Айта кету керек, қазір Түркістан облысының тізгіні Дархан Сатыбалдының қолында. Дархан Сатыбалды 2022 жылдың 31 тамызынан бастап өңір әкімі болып қызмет етіп келеді.

Бұған дейін осы аптада бірнеше аймақ әкімі ауысуы мүмкін екені хабарланған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow