Украинаның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Шілде 17, 2025 - 16:00
Украинаның жаңа премьер-министрі тағайындалды
facebook.com/yulia.svyrydenko

Кеше Украина премьер-министрі Денис Шмыгал отставкаға кеткен еді. Бүгін Украин Жоғарғы Радасы премьер-министр қызметіне Юлия Свириденконы бекітті. 

Апта басында Украина президенті Владимир Зеленский бірінші вице-премьер әрі экономика министрі Юлия Свириденконы Министрлер кабинетін басқаруға ұсынған болатын. Сәрсенбі күні Украина парламенті премьер-министр Денис Шмыгальдің отставкасын мақұлдады. Зеленский оны қорғаныс министрі қызметіне, Рустем Умеровтың орнына тағайындауды ұсынды. Айта кетейік, Шмыгаль бұл лауазымды бес жыл төрт ай атқарып, Украина тарихындағы ең ұзақ отырған премьер-министр болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow