Үндістанда тұтас бір ауылды су шайып кетті (ВИДЕО)

Тамыз 6, 2025 - 11:03
Тамыз 6, 2025 - 11:05
Үндістанда тұтас бір ауылды су шайып кетті (ВИДЕО)
Фото: REUTERS/Amit Dave

Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттар-Прадеш штатында жойқын су тасқыны болды. Бір түннің ішінде 15 мыңнан астам үйді су басты. Табиғи апатқа себеп - толассыз жауған нөсер, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ганг пен Ямуна өзендері арнасынан тасып, көшелер мен тұрғын үйлерді, бау-бақшалар мен егістік алқаптарды түгелдей су басқан. Көп өңір электр қуатынсыз және таза ауыз сусыз қалды.

Жергілікті тұрғындар мен үй жануарлары жоғары аймақтарға эвакуацияланып, өз бетінше аман қалу амалдарын жасап жатыр.

Праяградж қаласының тұрғыны Раджендра жұмысқа бару қиындағанын айтты.

«Су тасып жатыр. Кеше кешке қарай көп мөлшерде су келді. Үйге жылан-шаян кіріп кетпесін деп отырмыз. Қала ішінде жүру, жұмысқа жету қиынға соғып жатыр», – дейді ол.

Апаттан 50-ден астам ауыл айтарлықтай зардап шеккені хабарланды. Үндістан билігі зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында аймаққа құтқарушыларын жіберген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow