Жексенбіге түсіп тұр: 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау бола ма?
Алайда кейбір өңірлер жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 1 қыркүйек демалыс екенін айтады.
Оқу-ағарту министрлігі өкілдері 1 қыркүйекке қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек - жексенбі күні алғашқы қоңырау өтеді. "Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді", - дейді министрліктегілер.
Алайда кейбір өңірлер жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 1 қыркүйек демалыс екенін айтады. Мәселен Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қалада 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау өтпейтінін мәлімдеді.
"Алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау 2 қыркүйек - дүйсенбі күні өтеді. Ал 1 қыркүйек - демалыс" делінген мәлімдемеде.
Сіздің реакцияңыз қандай?