«Ұрып кетеміз деді»: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі қысым көріп жүргенін айтты

Ақпан 3, 2026 - 14:04
Ақпан 3, 2026 - 14:05
 0  34
«Ұрып кетеміз деді»: Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі қысым көріп жүргенін айтты
фото: видеодан скриншот

Әнші Жігер Ауыпбаевтың сүйіктісі Мумина әлеуметтік желіде видео жариялап, өзіне қауіп төне бастағанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев ел алдына шығып, өзінен 15 жас кіші сүйіктісі барын мәлімдеген болатын. Алайда қоғамда әншінің бұл таңдауы қызу талқыланып, желіде сын пікірлер көбейген. Мумина өз парақшасында жариялаған видеосында соңғы уақытта қысым көріп жүргенін айтты.

«Жігер мені халықпен таныстырғалы менің өмірімде тыныштық жоқ. Осы күнге дейін маған әлеуметтік желілерден "Жігерге жабыспа, ұрып кетеміз", "Көзге көрінбе" деген сияқты хаттар жиі келетін. Олар мүмкін Жігердің сүйікті тыңдармандары немесе бұрынғы сөйлескен қыздары шығар деп мен оларға мән бермей жүрдім. Ал бүгін мен шок болдым. Дүкеннен шығып, кетіп бара жатсам алыстан үш қыздың маған жақтырмай қарағанын байқадым. Кейін маған дөрекі дауыспен "Мумина, Жігерге жолама" деп айтты. Мен не істерімді білмей тұрып қалдым. Сіздер менің орнымда не істер едіңіздер? Бұл әрекет дұрыс емес деп санаймын, кейін енді мен Жігер үшін деп төбелесіп, жерде жатпайын», – деді ол.

Сонымен қатар Мумина жариялаған видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызып, кейбір оқырмандар оның сөзін келеке еткен жазбалар қалдырған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0