«Толғақ қысып отырғанын ешкім білмеген»: Ақтөбеде 9 сынып оқушысы сабақ үстінде босанды

Қазан 14, 2025 - 22:50
Қазан 15, 2025 - 09:45
«Толғақ қысып отырғанын ешкім  білмеген»: Ақтөбеде 9 сынып оқушысы сабақ үстінде босанды
Фото: freepik.com

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында 14 жастағы оқушы босанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Босанған оқушы 9-сыныпта оқиды. Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, оқушысы сабақ үстінде босанған. "Өрімдей қыздың жүкті екенін, толғақ қысып отырғанын ешкім білмеген

Қыз әжесінің қолында тұрады. Жасөспірімді жыныстық қатынасқа тартып, жүкті қылған өгей атасы", - деп жазған журналист.
Білім басқармасының мәліметінше, жасөспірім толық емес отбасының баласы.

"Ата-анасы ажырасқан, анасымен бірге тұрады. Осы уақытқа дейін 3 рет медициналық тексерістен өткен. Бірақ ерте жүктілік белгілері анықталмаған", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Басқарманың мәліметінше оқушы үш рет медициналық тексеруден өткен:

биылғы жылдың 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада тексерілген;

жазғы лагерьге бару үшін:

28 мамырда тексерістен өткен;

10 қыркүйекте ата-анасымен барып дәрігерлерге тексерілген. Бірақ оқушының жүктілігі туралы еш маман білмеген, тіпті анасы да бейхабар.

Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Күдікке апасының күйеуі, яғни өгей атасы ілінді.

"Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді облыстық полиця департаменті.

Тергеу барысын полиция департаменті басшысы тікелей бақылауға алған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow