Жүргізуші қаза тапқан: Батыс Қазақстанда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
Батыс Қазақстан облысында "Лада Ларгус" жеңіл көлігі "КамАЗ" автомобилімен соқтығысты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қыркүйек күні шамамен сағат 17.00-де Орал-Кирсанов автожолының 5-шақырымында Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылы маңында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші "Лада Ларгус" автокөлігімен қарсы бетке шығып кетіп, "КамАЗ" автомобилімен түйіскен.
"Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0