Маргарита Симоньянның күйеуінің ажал аузында жатқаны рас болып шықты

Қаңтар 9, 2025 - 09:28
Қаңтар 9, 2025 - 10:01
Маргарита Симоньянның күйеуінің ажал аузында жатқаны рас болып шықты
фото: әлеуметтік желіден

Маргарита Симоньянның күйеуі комада жатыр деген ақпарат ақыры рас болып шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ресей пропагандисі Тигран Кеосаян өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені туралы ақпаратты әйелі Маргарита Симоньян растады.

"Мен соңына дейін айтқым келмеп еді. Бірақ тілшілер қоңырау шала бастағандықтан, өзім жазуды жөн көрдім. Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді және комада жатыр. Көпшілік білетіндей, оның жүрегі ұзақ уақыт бойы қатты ауырған. 
Мен Тигранды жақсы көретіндерден ол үшін дұға етуді сұраймын деп жазған», - деп жазған ол өзінің телеграм каналында.

Бұған дейін Facebook қолданушысы Никита Небылицкий Тигран Кеосаянның ауыр халде жатқанын жазған еді.

Оның айтуынша, Тигран Кеосаян 27 желтоқсан күні ауруханаға түскен. Содан бері бері қарамаған.

"Сіздерге жаңалығым бар. Мәскеудегі байланыстарымның бірі, жоғары лауазымды танысым, маған 27 желтоқсанда Тигран Кеосаянның терең кома жағдайында ауруханаға жеткізілгенін айтты. Содан бері ол сол жерде еш өзгеріссіз жатыр. Оған екі рет діни қызметкерлерді шақырған. Біріншісінде православиелік, екіншісінде армян-григориандық. Команың себебі бізге белгісіз. Мүмкін, үшінші инфаркт шығар, өйткені оның алдында екі рет инфаркт болған, мүмкін басқа бір ауру, немесе Буданов жолдастың әрекеттері шығар. Белгісіз. Бірақ оның медикаментозды комаға енгізілмегені, өздігінен комаға түсіп, ауруханаға жеткізілгені анық", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 27 сәуірінде Кеосаян Қазақстанға қарата арандатар өткір мәлімдеме жасаған еді.

«Украинаға мұқият қарап, байыпты түрде ойлаңызыздар. Біздің жауапты тұлғаларымыз да қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені, қымбаттыларым, егер сіздер осылай айлакер бола алам, сол үшін маған түк болмайды деп ойласаңыздар… Сіздер қателесесіздер», - деді тележүргізуші өз сөзінде.

Сол күні Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Кеосаянға Қазақстанға кіруге тыйым салынатынын мәлімдеді. Сол жылы Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы ресейлік тележүргізушіні нон грата тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow