«Әлемде бар практика»: министрлік өкілі «аса мәртебелі Путин» сөзіне қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік сапар кезінде бұл сөз тіркесі қолданылады.

Қараша 27, 2024 - 14:33
Қараша 27, 2024 - 15:01
«Әлемде бар практика»: министрлік өкілі «аса мәртебелі Путин» сөзіне қатысты пікір білдірді
фото: видеодан скриншот

Астана әуежайында Ресей президенті Владимир Путинді қарсы алуға арналған баннерлер пайда болды. Онда «Мәртебелі, Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!» деп жазылған. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «мәртебелі» сөзін қолданудың себебін түсіндірді.

Смадияровтың айтуынша, мұндай сөз тіркесі сапардың мәртебесіне байланысты айтылады. Владимир Путиннің Қазақстанға сапары ресми емес, мәртебесі одан жоғарырақ мемлекеттік сапар болады. Мемлекеттік сапар кезінде бұл сөз тіркесі қолданылады. Бұл бүкіл әлемде бар практика.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев те «мәртебелі» сөзі ресми хаттамаға сәйкес қана қолданылатынын жазған.

Сыртқы істер министрілігінің ақпаратына сүйенсек, мұндай тіркес президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да қатысты қолданылып келген. Мәселен, оның жақында болған Францияға мемлекеттік сапары кезінде салтанатты рәсімде «мәртебелі» қонақ ретінде таныстырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow