10 сотық тегін жер берудің тәртібі өзгерді

Ақпан 11, 2025 - 11:18
10 сотық тегін жер берудің тәртібі өзгерді

Қазақстан азаматтарына берілетін 10 сотық тегін жер енді тек инфрақұрылым тартылған аймақтардан ғана үлестіріледі. Сөйтіп су мен жарық келмеген жерлерге үй салуға рұқсат жоқ, деп жазады Информбюро.

Мәліметтерге сенсек, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлер су құбыры мен электр желісі тартылған аумақтардан ғана беріледі. 

Бұған дейін мұндай талап болған жоқ. Сәйкесінше 4 миллионнан астам қазақстандық өзі қалаған аймақтан жер белгілеп, өтініш берген. Енді олардың көрсеткен аумағында дәл осы желілер тартылмаса, кезек жылжи бермек. Аталған ауыл, ауданда міндетті түрде су мен жарық болу керек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, бұрынғы кезекте тұрған азаматтардың кезектілігі сақталады, қайта өтініш беруді қажет етпейді. Кезекте тұрғандардың тізімі жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орнында, арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылады.

Сонымен қатар ережеде жер өтініш арнайы есепке қойылғаннан кейін беріледі делінген. Ал арнайы есепті жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Егер аймақ үй салу мақсатында пайдаланылмаса жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылады. Айта кетейік, жаңа талаптардың өзгеруі азаматтарға жер кезексіз берілмеу үшін жасалып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow