16 жастағы қазақ футболшысы ағылшынның «Челси» клубына ауысты
Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас ойыншысы англиялық «Челсидің» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Meta-ratings-тің мәліметінше, лондондық клуб соңғы әрі нақты шешім қабылдады. «Қайрат» пен «Челси» арасындағы ауысу келесі апта орындалады.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев небәрі 16 жаста. Былтыр мамыр айында ол Қайрат сапында оралдық «Ақжайыққа» қарсы алғашқы матчын өткізіп, ҚПЛ тарихындағы ең жас ойыншы атанған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?