17 медаль: Қазақстандық боксшылар Испанияда триумфқа жетті

Ақпан 8, 2026 - 22:28
Ақпан 8, 2026 - 22:30
 0  1
17 медаль: Қазақстандық боксшылар Испанияда триумфқа жетті
Фото: Olympic.kz

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен «Boxam Elite-2026» халықаралық турнирі Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті аяқталды. Ұлттық құрама жалпы есепте 17 медаль иеленіп, турнирдің жалпы командалық есебінде көш бастады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ұлттық құрама жалпы есепте 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль иеленіп, турнирдің жалпы командалық есебінде көш бастады.

Жарыс қорытындысы бойынша еншілеген медальдар тізімі:

Алтын медальдар: Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (+90 келі) және Умида Садықова (әйелдер, +80 келі).

Күміс медальдар: Аман Қонысбеков (75 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Нұрасыл Асылхан (90+ келі), Назерке Серік (65 келі) және Панар Сейтханқызы (80+ келі).

Қола медальдар: Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрбек Мұрсал (75 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Азамат Бектас (80 келі), Елянур Тұрғанова (48 келі) және Гүзал Садықова (әйелдер, 80 келі).

Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігімен өткен алғашқы ресми турнир болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0