Макронның желідегі посттары: келмей тұрып ресми тілде, кеткеннен кейін қазақша «сөйледі»
Кеше 1 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макрон кешқұрым, ресми кездесулер аяқталғаннан кейін X (бұрынғы Twitter) желісінде қазақша пост жазды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
Макрон өз ойын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түскен суретінің астына жазған.
«Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді», - делінген Франция Президентінің жазбасында.
Айта кетейік, бұған дейін, 28 қазан күні Қазақстанның Қарағанды қаласында ірі шахта апаты болғанда, Макрон фэйсбук әлеуметтік желісінде ресми тілде көңіл айтқан еді.
Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы.
Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді. pic.twitter.com/09NoSlSjZX — Emmanuel Macron (@EmmanuelMacron) November 1, 2023
Сіздің реакцияңыз қандай?